Түркиялық еріктілер Босфор жағасындағы үш жүз жылдық ағаш мешітті қайта қалпына келтірді

Түркиялық еріктілер Босфор жағасындағы үш жүз жылдық ағаш мешітті қайта қалпына келтірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ыстамбұлда қайырымды жандар мен еріктілердің күш-жігерінің арқасында 2020 жылы толығымен өртеніп кеткен 358 жылдық ағаш мешіт қалпына келтірілді, деп хабарлайды Hurriet.

Ускундар аймағындағы Ваникөй мешіті Босфор жағасындағы 11 мешіттің бірі болды. Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын сол ауданда тұратын Калон қорының директоры Мехмет Калонжу өз қаражатына бастады. «Бізге ешкім мұны істе деп айтқан жоқ. Бірақ біз бұл мешітті шын жүректен қалпына келтіруге бел будық, өйткені біз өз құндылықтарымызды қорғауымыз керек. Мақсаттарымыздың бірі – өскелең ұрпақты өз халқының мұрасын сүюге, тарихи орындарға жақын болуға тәрбиелеу», – дейді қор қызметкері Джемал Калонжу.

Қазіргі уақытта Ваникой мешіті 90 пайызға қалпына келтірілді және құрылысты ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі айдың басында мешіт қызметкерлеріне ашық болады. Мешіттің бастапқы келбеті мен ішкі көрінісін қалпына келтіру үшін сәулетшілер барын салды. Өртте жанбаған керемет ағаш сынықтары осы ғимараттың бай тарихын жамағатқа көрсету үшін экспонат ретінде қойылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: