Шу аудандық орталық "Жәми" мешітінде жамағатқа арналған кешкілік уағыз дастарханы жайылды. Шарада аудан бас имамы Бахтияр Амиреев "Білімнің артықшылығы" тақырыбында әсерлі уағыз айтты.
"Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену. Жалпы Құранда «білу» деген мағынаға саятын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз кездеседі" - деп атап өтті бас имам өз насихатында.
Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алды. Ас басында айтылған насихат жамағатқа ерекше ой түйдірді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі
 
 


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

