#Т.Рысқұлов: Жастармен рухани кездесу өтті

#Т.Рысқұлов: Жастармен рухани кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылы «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Сұлтанов Қайсар ауылдың орта мектебінің 9, 10, 11 сынып оқушыларына ихсан ілімі бағыты бойынша «Ата ананың қадірі» атты рухани тақырыпта ағарту - насихат жұмысын жасады.

Қайсар имам сөз басында ата-анаға жақсылық қылу турасында Құраннан мына бір аятқа тоқталды: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге жақсылық қылыңдар». Аяттың қысқаша түсіндірмесі: Алланың жалғыз екеніне иман келтіріңдер Оны ұлықтаңдар Оған серік қоспаңдар. Сендерді өсіріп, өндірген ата-аналарыңа жақсылық жасауды, қарайласуды өсиет етемін.

Кездесу соңында мектеп ұжымы Қайсар имамға алғыс айтып, шығарып салды.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: