#Шу: Мешіт ұстазына темір тұлпар кілті табысталды

#Шу: Мешіт ұстазына темір тұлпар кілті табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

"Төле би" мешітінде осындай ұлағатты ұстаз бар. Ол - Алла үйінде 25 жыл ұстаздық еткен Мустафа Жалалиев қария. Өз ісінің маманы, ұстамы мықты ұстазға "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен жұма күні жаңа темір тұлпар кілті табыс етілді.

Ұстазға көпшілік құрмет көрсетіп, алғыстарын жаудырды. Сонымен қатар жиналғандар игі істе демеушілік көрсеткен кәсіпкер азаматтарға дұға жасап, бата берді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: