АЛМАТЫДА «АНАЛАР АМАНАТЫ» ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

АЛМАТЫДА «АНАЛАР АМАНАТЫ» ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен шаһардың ардақты аналары мен аяулы әжелері жиын өткізді.

Аналар басқосуын Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Сыздықов ашып, игі бастамаға сәттілік тіледі. Жиынға қатысушылар дін мен дәстүр жолында «Әжелер мектебін» құрып, өскелең ұрпаққа аналардан қалған аманатты жеткізуді көздейді.

«Рухани жаңғыру жолындағы Жаңа Қазақстанның ұлттық болмысын жаңғыртуға үлес қосу – біздің үлкен міндетіміз» деген алматылық әжелер тобы қаланың әр ауданында игілікті шара жалғасын тауып, үлес қосуға ниетті екенін жеткізді.

Әйел-қыздар секторының Алматы қаласындағы жауапты өкілі Гүлмира Ілесбайқызы: «Құрылып отырған «Әжелер мектебі» алдағы уақытта ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр негізінде семинар, шеберлік сағаттарын тұрақты түрде өткізуді қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде жас қыздарымыз бен жаңа түскен келіндерге дұрыс бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі Ислам діні мен әдет-ғұрыптарымыз арқылы ұрпақ тәрбиелеудің бір көзі болмақ. Аналар аманатын өскелең ұрпаққа жеткізу парызымыз деп білетін алматылық әжелер қауымын осы іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуға шақырамыз» деп, басқосуға келген ардақты аналар мен аяулы әжелерге алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: