Дубай әмірлігінде әлемдегі алғашқы 3D-принтердегі мешіт салынады. БАӘ премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның қамқорлығымен жасалған жоба 2025 жылы аяқталады, деп хабарлайды IslamNews Khaleej Times басылымына сілтеме жасап.
Мешіттің ауданы 2000 шаршы метрді құрайды. Діни ғимарат 600 діндарларды қабылдай алады. Жоғары технологиялық принтерде басылған бөлшектерден мешіт құрылысы қазан айында басталады.
Алдағы жылы үш оператор басқаратын роботтандырылған 3D принтер мешітке қажетті құрылыс материалдарын басып шығарады. Құрылғы сағатына 2 шаршы метр құрылыс материалын басып шығаруға қауқарлы.