Жұмақта мұндай адамдарға сарай сыйланады...

Жұмақта мұндай адамдарға сарай сыйланады...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: “Кімде-кім ұрыс-керісті бірінші болып тоқтататын болса, сол үшін Жұмақта сарай салынатын болады”.

Ал күнделікті өмірде ашуға мініп, «ауыздан ақ ит шығып, көк ит кіріп» жатқан кезде ұрысты бірінші тоқтата қою жеңіл бола қоймасы анық. Дегенмен, оған Жұмақта сарай сыйланатынын кім қаламайды ғой дейсіз?..

Біз үнемі бір нәрсе үшін сөз таластырып жүретініміз рас. Ондай кезде дауласу тақырыбы ғылым, дін, спорт, саясат деген салаларды толықтай қамтып кетеді. Тіпті сол дауласып жатқан саясаттың иісі танауымызға кіріп-шықпаса да қызыл кеңірдек болып, беріспей жатқанымыз. Айналып келгенде, көбіне дауласып жатқан екі жақтың да диспут дегеннен мүлде хабары болмай шығады. Екі жақ та бір-бірін тыңдамайды, өзінің ойын екінші адамға жүктеп қоюда дес бермей жатады. Мұндай дауласудың аяғы еш жақсылыққа әкелмейді, бұдан еш пайда да болмайды, керісінше, екі жақ бір-біріне деген өкпе-реніштерін арқалап алады.

Әрине, саналы түрде, әдепті өтетін пікірталасқа ешкім де қарсы емес. Сайып келгенде, дауласуға дайын тұратындарға Пайғамбарымыздың (ﷺ)  мына бір хадисін естерінде ұстағандары абзал болар еді:

“Өзінікі дұрыс еместігін біле тұра ұрысты тоқтатқан адамға, Жұмақтың шетінен сарай сыйланатын болады. Ал өзінікі дұрыс бола тұра, ұрысты тоқтатқан адамға Жұмақтың ортасынан сарай сыйланатын болады ” [Ибрахим Джанан, Хадистер энциклопедиясы, 16/464].

Ал басқа бір хадисте былай айтылған: “Өзінікінің дұрыс екендігін біле тұра дауды тоқтатпаған жан – нық иманға қол жеткізбеген ”.

Құранда бұл жөнінде былай айтылған:

Ал сендер мәліметтерің болған нәрсеге таластыңдар ғой. Білмеген нәрселеріңе неге таласасыңдар? Алла біледі, сендер білмейсіңдер» [3:66].

Аталмыш аят сөз таластырып, дауласудың қажеті жоқ, пайдасыз іс екенін көрсетеді. Негізі, дау-дамайдан бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн. Көп жағдайда мұндай сөз таластырудың соңы ұрыс-керіске, одан қалса екі адамның арасының ашылып кетуіне әкеліп соғады. Алла Тағала бізге жоғарыда келтірілген хадистерге сай амал жасауға нәсіп етсін.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: