1. Таң намазының уақыты кірген соң.
2. Таң намазынан кейін, күн шыққанға дейін.
Әбу Саид Худри (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Күн толық шықпағанша, таң намазынан кейін намаз оқу жоқ, екінті намзынан кейін, күн толық батпағанша намаз оқу жоқ» (Бұхари, Мүслим).
3. Күн шыққан соң ½ уақытта. Ханафи мәзһабы бойынша, адам таң намазын оқып жатқанда, күн шығып кетсе, онда оның намазы бұзылады.
4. Күн тас төбеде тұрғанда.
5. Күн батуға жарты сағат қалғанда, күн қызарған уақытта еш намаз оқылмайды, тіпті қаза болған екінті намазы да, тек сол күннің екінті намазы ғана оқылады.
6. Екінті намазы оқылып болған соң, күн батқанға шейін.
Укба ин Амирдің (р.а.) былай айтқаны келтірілген: «Пайғамбарымыздың (ﷺ) намаз оқуға және мәйітті жерлеп, жаназа намазын шығаруға тыйым салған үш уақыты бар: күн шығып келе жатқанда, ол көкжиектен аспағанша, күн тас төбеде тұрғанда, күн батуға аумағанша, күн батып бара жатқанда, ол толық ұясына кірмегенше» (Мүслим).
7. Имам хұтба айту үшін мінберге шыққанда.
8. Қамат кезінде, егер уақыт болса, тек таң намазын оқуға.
9. Мешітте оқылатын айт намазының алдында және соңында
10. Арафа күні бесін мен екінті намазы бірге оқылады. Сондай-ақ, ақшам мен құптан намаздары қосылып оқылады, олардың арасында намаз оқу мәкрүһ болып табылады.
11. Парыз намазды оқуға аз уақыт қалғанда.
12. Табиғи қажеттілік бойынша туындаған күшті тілек кезінде
Ескерту:
Егер мәйіттің жаназасын намаз оқылмайтын уақытқа тағайындап қойса, онда, бұл жағдайда, жаназа намазы оқылады. Сонымен қатар, нақты бір Құранның аяттарын оқығанда, тиләуәт сәждесін оқуға рұқсат етіледі.