АДАМНЫҢ ИМАНЫ ДЕНСУЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

АДАМНЫҢ ИМАНЫ ДЕНСУЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарлардың Пайғамбары Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Екі нығметті – денсаулық пен бос уақытты адамдардың көбі бағаламайды» (Бұхари).

Денсаулық – біздің бақытымыздың ажырамас бөлігі, онсыз өмірді толыққанды түсіну мүмкін емес. Өзіміздің физикалық жағдайымызды өз-өзінен болып жатқан дүниедей қараймыз да тек ауырып қалғанда ғана оның қадірін түсіне бастаймыз. Денсаулық  – бұл Алла Тағаланың бізге берген мейірімі мен нығметі, соның арқасында ғана біз толықтай бақытты болып, лайықты түрде құлшылық жасай аламыз. Физикалық, эмоционалдық және рухани денсаулық бір-бірінен ажырамайды, біреуі ауырса екіншісі де ауырады немесе, керісінше, рухани денсаулықтың нығаюы физикалық денсаулықтың жақсаруына әсер етеді. Бәрін тегіс қамти алатын Алла Тағаланың мейірімі мынадай – пенделерінің пешенесіне жазғаны олар үшін қайырлы болып табылады әрі өмірдің әр саласында пайда береді. Мүміннің әрбір амалы, сондай-ақ, денсаулық та, оған пайда мен сауап әкеледі. Исламда бар дүниелердің бәрі де жан-тән, ақыл-санаға пайдасы бар, мүмін оны қаншалықты көп орындайтын болса, соншалықты оның денсаулығы да, иманы да мықты болады.

«Ауруды жаратқан Алла Тағала оның емін де жаратты, емделіңдер!»

Сенім, иманның қамалы және денсаулық үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Кімнің иманы берік болса, ол физикалық жағынан да ауруларға берілмейді, бірақ бұл ауруға шалдыққан адам – адасқан немесе күнәһар дегенді білдірмейді. Аурулар – бізге жазалау ретінде немесе үлкен сыйға қол жеткізу үшін түсіріледі, бұл да бір сынақ.

Пайғамбарымыз (ﷺ) келесі бір теңестіруді келтірген: «Мүміннің сырқаттануын [денесінің ауырып, қасірет, азап шегуін] бір кесек темірді отқа салғанмен салыстыруға болады. Жаманның бәрі [оттың әсерінен және жоғары дене қызуымен] кетеді де тек жақсысы қалады [яғни, саналы әрі сабырлы түрде сырқатты жеңе білу жан-жақты тазару мен сауығуға әкеледі]».

Исламдағы дүниенің бәрі де адам үшін пайдалы – ораза, дәрет алу, намаз, ұйқыға, тазалыққа, тамақ ішуге қатысты ережелер. Пайғамбарымыз (ﷺ)  былай айтқан: «Бес нәрсе болмай тұрып, бес нәрсені пайдаланып қалыңдар: кәрілік келмей тұрып жастықты; ауырмай тұрып денсаулықты; кедейлікке ұшырамай тұрып байлықты, қолың бос болмай тұрып бос уақытты пайдалан және өлім сәті жетпей тұрып өмірді сүріп қал!»

Хадисте былай айтылған: «Адамның баласы қарнынан артық нәрсені толтырмаған. Әркімге болсын денесін тік ұстау үшін біраз ас жесе жеткілікті. Егер бұл сондай қажет болса, онда асқазанның үштен бірін тамаққа, үштен бірін сұйықтыққа және үштен бірін ауаға  қалдырсын».

Дәрет алу – әрбір мүмін күніне бес уақыт намаз оқудың алдында дәрет алады. Дәрет алу адам денсаулығы үшін өте пайдалы: ол жеке бас тазалығын сақтауға, биотокты белсенді етуге, көктамырды, жұлынды және жүйкені биоқуатпен толтыруға көметеседі.

Намаз – оны оқитын адам үшін ол сауаптардың қайнар көзі. Намаздың қаншалықты мейірімге бөлейтінін білгенде адамға оны тастап кету туралы ой кірер ме еді? Рухани пайдасынан бөлек, намаз буындар мен бұлшық еттерге пайдалы, тамырларды тазартады, миға жеткілікті түрде қанның жетіп тұруын қамтамасыз етеді, жадының жақсаруына септігін тигізіп, ми белсенділігін арттырады.

Алла Тағаланың барлық тыйғандарынан тыйылуда – адам денсаулығы үшін зор хайыр бар. Исламда тыйым салынған дүниелер адамның жаны мен тәніне тек зиян ғана тидіреді.

Осы арада айта кету керек, біздің көптеген сырқаттарымызға психологиялық  факторлар мен өзіміздің қандай күйді басымыздан өткеріп жүргеніміз ықпал етеді. Мысалы үшін, барлық сырқат адам жаны душар болатын психологиялық сәйкессіздік пен бұзылу себепті пайда болады деген пікір қалыптасқан. Шынайы мүмін мен құлшылық етуші адам мұндай ауруларға ұшырамайды, өйткені оның оның барлық ойы мен болмысы тек Алла Тағалаға және Оның разылығын алуға бағытталған. Ол өз-өзін жеумен айналыспайды, өйткені болып жатқан дүниелердің бәрі тек Алла Тағаланың қалауымен ғана жүзеге асып жатқанын ол түсінеді. Мүмін адамның жаны баянды әрі үйлесімді, өйткені ол күніне бес рет бұл баянсыз өмір қамынан босап, өзін Алла Тағалаға құлшылық етуге арнайды. Сондықтан ол күйзелістер мен саруайымға салынбайды, ал өмірінде кездесіп жатқан қиыншылықтарды Алла разылығы үшін жеңіп шығуға тырысады.

Біздің асыл дініміз Ислам адамды қызықтыратын кез-келген сұрақтарға, соның ішінде, денсаулықты сақтау сауалдарына да жауап бере алады. Алла Тағаламен байланысымызды нығайтуға және Оның бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылуға тырысқан сайын, біздің рухани, физикалық және эмоционалдық денсаулығымыз нығая түсетін болады.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: