Өмірден озған адамды соңғы сапарына дұрыс шығарып салу рәсіміне қазақ халқы қатты мән берген. Дегенмен мәйітті жуып, кебіндеу барысында ескерілуі керек жайттарды бірі білсе, бірі білмейді. ҚМДБ Әйел-қыздар секторы, Шу аудандық «Жәми» мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы әйелдер жамағатына осы турасында семинар өткізді.
"Мәйітті жуындыру және кебіндеу" тақырыбында өткен семинарда маникен арқылы жуындыру мен кебіндеу рәсімі тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Көпшіліктің сауалдарына жауап беріліп, толықтай мағлұматтар берілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі