#Т.Рысқұлов: Ихсан ілімінің артықшылығы

#Т.Рысқұлов: Ихсан ілімінің артықшылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

            Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылы «Ақыртөбе»  мешітінің имамы Нұрпейсов Батыр «Ихсан ілімінің артықшылығы» тақырыбын қозғап, рухани біліммен сусындандырды. Кездесу ауыл әкімшілігінде әкімшілік қызметкерлерімен өткізілді.

 Батыр имам уағызында: Ихсан сөздік мағынасында – жақсылық жасау, қайырымдылық ету болса, ал, терминдік мағынада – Аллаға құлшылық етуде оны көрініп тұрғандай сезініп, бар ынта-ықыласпен орындау дегенді білдіреді.

Ислам дінінің негізгі үш ұстыны бар. Олар, біріншісі – иман, екіншісі – ислам, үшіншісі – ихсан. Ихсан дегеніміз – иман еттік, құлшылығымызды жасап жатырмыз, ал енді оның сапасы қандай деңгейде? Міне ихсан – әрбір әрекетімізді Алла көріп тұрғандай ғибадат жасауға ұмтылу деген сөз. Яғни, рухани кемелденуге жатады.

Ихсан дегеніміз – ықылас және кемелдік. Басқаша айтқанда, Алла Тағаланың бір Өзіне құлшылық ету барысында Алла Тағаланы көріп тұрғаныңдай, егер бұлай ету қолыңнан келмесе, Ол сенің не істегеніңнің бәрін түгел көріп тұрғанын есіңе алып, кемел ықыласта болуың.

Қазіргі заманда көпшілікке танымал ірі оқымыстылардың бірі Мұхаммед Саид Рамазан әл-Бути (Сириялық), «Ихсан – исламның жүрегі, мұсылманның жүрегінде жасырынған інжу-маржаны болып табылады. Егер ихсан болмаса, онда ислам діні – күнделікті әдетке (имиджге) айналып, тек сырт көрінісі ғана сақталып, оның ішкі мазмұны жоғалады», – деп, кеңінен түсіндірді.

 Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: