Облыс бас имамы "Қоғамдық медиатор" сертификатын алды

Облыс бас имамы "Қоғамдық медиатор" сертификатын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кезінде халқымыз дуалы ауыз билерді тыңдап, олардың шешімін екі етпеген. Медиация институты билер соты дәстүрімен ұштасып жатыр. Тарихи санамыз жаңғырып, осы дәстүрдің тиімділігіне көз жеткізе білсек, медиацияның да болашағы зор болмақ. Бұл – даулы мәселерді сотқа жеткізбей, дауласушыларды өзара мәмілеге келтіріп, келісу арқылы шешуге болатынының дәлелі. 

Бүгінде халық арасындағы түйіткілді мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бйынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Қоғамдық медиатор" сертификатымен марапатталды. 

Сертификатты Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов табыстады. Сонымен қатар ел игілігі үшін атқарып жүрген жұмысына жеміс тілеп, алғыс білдірді. 

Бұл саланың адамгершілік құндылықтардың сақталуына екпін беретін тұстарына айта кету керек. Кешірім, келісу, түсіністік сияқты адамгершілік қатынастардың күшеюіне мән беріледі. Ашу, ыза-кек, адамды аздыратын, қатыгездікке бастайтын қасиеттер болса, оны үдетпей, араағайындықтың арқасында алтын ортасын тауып, екі тараптың да мүддесін қамтып, татуластыратын осы – медиация.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: