#Т.Рысқұлов: Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз

#Т.Рысқұлов: Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Түзелбеков Қуаныш аудандағы «Құлан агротехникалық» колледжінде «Жастар діни экстремизм мен террорзмге қарсымыз» атты іс-шараға қатысып, колледж студенттеріне лекция оқыды.

 Қуаныш имам лекцияда: Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылықтарын көрсету. «Діни экстремизм»  әлемді өздерінің  шектен шыққан көзқарастарына сәйкес қайта құруға ұмтылады.  «Діни экстремизм» – террористік іс-әрекеттердің туындауына себеп болатын саяси құрал. Жаһандану заманында «діни экстремизм» қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жетіп отыр.  Қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықтармен біріге отырып жан-жақты күшейтуіміз керек,- деп айта кетті.

Лекциядан кейін жастар арасынан кейбірлері өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: