Шу мешіттерінде ақшам мен құптан намаздарының арасында күнделікті тұрақты түрде уағыз жүргізіліп келеді.
Мұндай кезекті уағыз "Жаңажол" ауылдық мешітінде ұйымастырылып, оған "Тоғай" мешітінің имамы Мағжан Мұратұлы арнайы барды.
Имам құптан намазында жамағатқа "Мұнафық" сүресінің 9, 10, 11 аяттарының тәпсірін баяндап, уағыздады.
Уағыз соңында жамағатпен сұрақ-жауап болып, орыс тілді жамағат та сұрақтарына орыс тілінде жауап алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі