#Шу шәкірттері Құранға түсуде

#Шу шәкірттері Құранға түсуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзатқа Құран беріліп жолын айдындатқан кезде адамдар да Құранның жолына түсіп, небір ұлттар мен ұлыстардың ұстазы мұсылмандар бола бастады.

Олар бұл дәрежеге қалай қол жеткізді дер болсақ, өмірдің кез келген қилыс-бұрылысында аяттарды басшылыққа алу арқылы қуаттанды. Әуелі, Құран түсті. Демек, оны жаттап жарысқа түсу үшін емес, аяттарды жылдамдықпен оқу үшін емес я болмаса әдемі әуезін тыңдап қана қою үшін емес. Керісінше, Жаратушының әмірлерін орындап, қағидаларды түсініп, басшылыққа алу үшін.

Міне, осынау қасиетті кітапты түпқұсқа болған араб тілінде, махраждарын дұрыс айтып, қатесіз, ережемен оқи білу - әрбір мұсылманның міндетті. 

Шу ауданық "Жәми" мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұстаздары осы мақсатта талмай еңбек етуде. Бүгінде тағы бірнеше шәкірт құранға түсіп, ұстаздары арнайы кеш ұйымдастырды. Құранға түскен шәкірттерге арнайы Құран Кәрім кітабы сыйға тартылды. 

Шу ауданық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: