#Шу: Дін - тәрбие дінгегі

#Шу: Дін - тәрбие дінгегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Абай ауылы Абай мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен "Дін - тәрбие діңгегі" тақырыбында уағыз-насихат болды.

Игі жиынға "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы арнайы барып, оқушыларға насихат жұмыстарын жүргізді.

Тәрбие, иба, әдеп жайлы тиімді мысалдар келтіріп, жастардың сауалдарына дәйекті жауаптар берді. 

"Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Әлемдегі барлық діндерде адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, өз кемшіліктерімен күресуі туралы айтылады. Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні" - еп түсіндіріп өтті имам.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: