Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты ұранмен "Бірлікүстем" мешітінде қайырымдылық шарасы жасалды.
Аталған ауылда мектеп бітіргендеріне 35 жыл болған түлектер мешітпен бірлесіп 14 отбасыға азық-түлік және 2 қой етін таратты. Сондай-ақ қатарларында дүниеден өткен марқұмдарға және ұстаздарына мешіт молдасы Жетпісбай Әлімбеков құран бағыштап, дұға жасады.
Айта кетейік, қайырымдылық үшін жалпы 310 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

