Желтоқсан құрбандарына Құран бағышталды

Желтоқсан құрбандарына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымыздың орасан зор тарихына үңілсек, қиындықтар мен қиянаттардан көз ашпағанын көреміз. Арғы жағын айтпағанда, кешегі Желтоқсан оқиғасында қазақтың қайсар ұл-қыздары қисапсыз қиянат көріп, ел үшін еңіреп еді… Алды Құрбан болып, соңы тентіреп, елім, жерім деген азаматтарымыздың арқасында Азаттықтың арайлы ақ таңы атқан еді…

Аяулы қыздарымыздың, ардақты ұлдарымыздың ерен ерлігін үлгі ету мақсатында облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде марқұмдардың рухына Құран кәрім сауаптары бағышталды. 

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысы бойынша өкілі Жазира Иманалиеваның ұйытқы болуымен жасалған жиынға ұстаздар, "Әжелер алқасы", шәкірттер қатысты. 

Көпшілік Құран оқып, ел үшін,  тәуелсізік үшін дұға жасады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: