#Меркі ауданы: «Рахымбай ата» мешітінің ғимараты жаңартылды

#Меркі ауданы: «Рахымбай ата» мешітінің ғимараты жаңартылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны болған жұма күніМеркі ауданы, Екпінді ауылында «Рахымбай ата» мешітінің ғимараты заман талабына сай жаңартылып, салтанатты түрде ашылып, халық игілігіне берілді.

Ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы, Меркі ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы, сондай-ақ Меркі ауданының әкімі орынбасары Абжапаров Бахытхан Жаханұлы мен өңірге белгілі ақсақалдар және ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара «Жүніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастанның Құран оқуымен басталып, артынша өкіл имам Бейбіт Әліпбекұлының Екпінді ауылының тұрғындарын мешіт ашылуымен құттықтап,  арнайы мешітке сыйлығын табыстап, мешіт салған кәсіпкер Алмаз мырзаға алғысын білдіріп, мешітке жаңадан тағайындалған имамды таныстырып, қызметінде абырой-бедел тіледі.

Ашылу салтанатынан кейін мешітте өкіл имамның имамдығымен алғашқы жұма намазы өтеліп, елімізге, жерімізге дұға жасалды. Жұма намазынан кейін жиналған қауымға арнап дастархан жайып, ас берілді. Дастархан басында Құран оқылып, өкіл имам Бейбіт Әліпбекұлы мешіт салудың, оған қарайласып жүрудің сауапшылығын уағыздады. Соңынан аудан әкімі орынбасары, ел ақсақалдары сөз сөйлеп, мешіт ашылуымен құттықтады.

Екпінді ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мешітте бір мезетте 150-200 адамдай құлшылығын өтей алады. Мешіт жанынан асхана бой көтеруде.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары өздерінің ізгі тілектерін білдіріп,  осы істің басы қасында жүрген, мешіт салған кәсіпкер Алмаз мырзаға алғыстарын білдірді.

Айта кетсек, осы мешіттің ескі ғимаратында кезінде аталған кәсіпкер Алмаз мырза тұрғызған болатын. Заман орынында тұрмасы анық. Заман талабыда өзгеруде. Мешіттің кішігірім болуы және қазіргі заман талабына сай болмай қалғанын көріп кәсіпкер ағамыз қайта өз қолына алып, Екпінді ауыл тұрғындарына жаңа ғимарат тұрғызып, сыйға тартты.

Осындай игі іске қол үшын сөзып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтерінде абырой бедел берсін. Демеушілік жасап жатқан кәсіпкер бауырларымызға және асхана құрылысын жүргізіп жатқан бауырларымызға дұғадамыз.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: