#Қордай: Тәуелсіздік - Алла сыйы

#Қордай: Тәуелсіздік - Алла сыйы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аудандық "Қордай мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірдегі ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - Алла сыйы" атты рухани кеш өтті. 

Кеш барша мұсылмандарға, саяси құрдымға ұшырағандарға, желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдарға Құран оқып, сауабын бағыштаумен ашылды.

Іс-шараға аудан орталығының әйелдер жамағаты, шәкірттер, әжелер алқасы қатысты. Жиында тәуелсіздік тақырыбы ашылып, оның қандай нығмет екені түсіндірілді.

Шәкірттер тәуелсіздік туралы монолог, өлеңдер оқыды. Жамағатқа білімін ұштау мақсатында сұрақ-жауап ойыны жүргізілді. Нәзік жандылар іс-шарадан отанға деген махаббат сезімін оятып, Аллаға шүкірліктері артып қайтқанын жеткізді. 

Аудандық "Қордай мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: