#Шу өңірі имам-молдаларының қорытынды жиналысы жасалды

#Шу өңірі имам-молдаларының қорытынды жиналысы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінде өңірге қарасты имам-молдалардың қорытынды жиыны жасалды. Шарада дін мамандарының жылдық есебі тыңдалды.

Аудан бас имамы Бахтияр Амиреев имам-молдалардың 1 жылда атқарған іс-шаралары жайлы баяндамаларды тыңдап, жасалған жұмыстардың кемшін тұстарын ескертіп, алдағы уақытта атқаруға тиісті міндеттерді жүктеді. 

Ал "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мамандарға сұрақтар қойып, керітартпа ағымдармен жұмыс нәтижесі, қайырымдылық саны, көлемі сынды ақпараттарды нақтылады. 

Жиын соңында биылғы жылы аса белсенділік танытқан 4 жүйрік имамға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың атынан алғыс хат табыстады. 

Марапат иеленген имамдардың қатарынан  "Әбу Бәкір" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов, "Қойайдар" мешітінің имамы Аян Самайлов, "Ж.Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков, "Хати Сауранбай" мешітінің имамы Бақыт Тілемісов көрінді. 

Бас имам барлық имамдардың жұмысына береке тілеп, алғысын білдірді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: