#Меркі ауданы: Айлық дастархан жайылды

#Меркі ауданы: Айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің жамағаты мен ауыл тұрғындары ұйымдасып аудандық «Меркі ата» мешітінің асханасына айлық дастархан жайып, аудан имамдары мен жамағат бас қосты.

Құптан намазынан кейін ұйымдастырылған дастарханға жиналған жамағат ауданымызға арнайы шақыртумен келген Елімізге белгілі уағызшы Ғазиз Ахмет ұстаздың «Дін - насихат» тақырыбындағы әсерлі де тартымды уағызын тыңдап рухани нәр алды. Мүміндердің Құрандағы сипаттарын баяндаған ұстаз сахабалардың өнегелі өмірінен сыр шертті.

Жиын соңында жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Соңында Ислам діні үшін, Еліміз бен жерімізге дұға жасалды.

Меркі ауданы тұрғындары, мешіт жамағаттары Ғазиз Ахмет ұстазға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: