#Меркі ауданы: РАНТ мүшесі Меркіде

#Меркі ауданы: РАНТ мүшесі Меркіде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы жамағаты Тараз қалалық "Әзрет Әли" мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстазбен жүздесті.

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен, Елімізге белгілі Исламтанушы, Түркиядағы «Сельчук» университетінің түлегі Ғазиз Ахмет ұстазды Меркі аудандық "Меркі ата" мешітіне арнайы шақыртқан болатын.

Мақсат, ауданымызда діни білімді ҚМДБ-ның тарапынан бекітілген имам-ұстаздармыздан алып, теріс жат ағымнан сақтанып, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Көпшілік алдында сөз алған Ғазиз Ахмет ұстаз пайғамбарымыз Мұхаммедтің с.а.с мұсылман ақысы жайында айтқан асыл сөзін егжей-тегжейлі түсіндіріп, уағыз-насихат айтты. Имамның уағызын тыңдауға келген жамағаттың қарасы көп болды. Рухани дәрістен сусындап қайтты.

Кездесу соңында Елімізге, Жерімізге дұға жасалды. 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: