Жиенбет ауылы "Жиенбет Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы жасалды.
4 баласы бар, әйелі қайтыс болған азаматқа арнайы күдері куртка сыйға тартылды. Әке ғана емес, ана орнына ана болып отырған азаматқа мешіт тарапынан жасалған көмекке 35 000 теңге жұмсалды.
Сонымен қатар көпбалалы үйге 10 қап ірі көмір жеткізіп берілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматқа аяқ киім, шұлық, костюм-шалбары және көйлек сыйға тарту еттілді. Бұл игі іс үшін жұмсалған қаражат 120 мың теңгені құрады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі