Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде өткен қала, аудан имамдарының жылдық есебінен соң дін қызметкерлері спорттық ойында бас қосты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің қызметкерлері, қала, аудан бас имамдары 3 топқа бөлініп, тартысты ойын көрсетті. Топ аттары да тарихи терең мағынаға ие.
Атап айтсақ, "Тираз" құрамасы - Талас, Тараз атауының ежелгі кезеңдегі қолданысы, "Атлах" құрамасы - Тараз маңындағы кішкене қалашық. Ислам дінінің Орта Азияда тарауына септік болған Атлах шайхасын еске түсіреді. Үшінші топ "Қозыбасы" - Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылатынын еске салайық.
Аталған спорттық шара имамдардың ауызбіршілігін арттыру, салауатты өмір салтын сүннет бойынша ұстану мақсатында жасалып отыр.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



18 Қаңтар 2026
29 Раджаб 1447

