#Т.Рысқұлов: РАНТ мүшесі екі мешітте насихат жасады

#Т.Рысқұлов: РАНТ мүшесі екі мешітте насихат жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінде және Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінде Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет жамағатпен кездесіп, уағыз-насихат жүргізді.

Насихат Алла елшісінің с.а.у. «Дін – бұл насихат (шынайылық)» деген хадисінің төңірегінде өрбіді. Насихат тақырыбын кеңінен тәпсірлеп түсіндіруге тырысты. Уағыздан кейін жамағат арасынан кейбірі өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын естіді. Ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы Ғазиз ұстазға алғысын айтып, батасын беріп шығарып салды.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: