Жамбылдық делегация "Нұр Мүбарак" университетіндегі өңірлік студенттермен жүздесті

Жамбылдық делегация "Нұр Мүбарак" университетіндегі өңірлік студенттермен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының ел ағалары Алматы қаласы "Нұр Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университетінде оқып жатқан жамбылдық студенттермен жүздесті.

Шараға Тараз шаһарынан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Сакен Мыңбаев арнайы барып, "Нұр Мүбарак" университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевпен және шәкірттермен кездесті.

Облыс әкімінің орынбасары мен бас имам оқуын биыл бітіретін түлектерді Жамбыл облысында қызмет жасауға шақырды. Болашақ жас мамандарға Жамбыл облыстық орталық мешіті немесе қала, аудандық мешіттерге жұмысқа орналастыру, кадрлардың қажеттілігін және мамандарға көрсетілетін қолдау туралы тілге тиек етті.

Дін істері басқарма басшысының Сакен Мыңбаев өз сөздерінде жастарға жан-жақты қолдау жасалатынын нақтылап көрсетті.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысынан аталған оқу орнына барып 127 шәкірт білім алуда. Ал биыл 2022 жылы 28 түлек қолдарына маман дипломын алғалы отыр.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: