#Меркі ауданы: Бейбітшілік және келесім насихатталды

#Меркі ауданы: Бейбітшілік және келесім насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінде "Бейбітшілік және келесім" жобасы аясында ауданға қарасты ауыл имам-молдаларының жиналысы өтті.

Жиынға арнайы іс-сапармен келген облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманов Ержан сөз сөйлеп:

«Іс-шараның мақсаты тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сияқты құндылықтар аясында бейбіт елде өмір сұру. Меркі ауданы көп ұлтты елді-мекен. Ауданда тұратын барлық этностардың дәстүрлеріне құрмет көрсетіп, түрлі сенімдегі адамдардың өзара түсіністік аясында өмір кешулері Қазақстан халқының бірлігін нығайтатын және қоғамды біріктіретін құрал. Отанға, өткен тарихымызға деген құрмет  пен қызығушылық, сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеп, азаматтық жауапкершілік, мемлекет алдындағы азаматтық парыз, Отан үшін қызмет етуге дайын болу сынды сезімдерді қалыптастыруымыз әрбір отбасындағы тыныштықтың және Меркі ауданының табысты дамуының кепілі», - деп сөзін аяқтады.

Жиын соңында елімізге, жерімізге дұға жасалып тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: