#Меркі ауданы: Ауданға қарасты имам-молдалар жиыны жасалды

#Меркі ауданы: Ауданға қарасты имам-молдалар жиыны жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлының тапсырмасымен облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде аудан имамдарының қатысуымен ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы және теріс ағыммен күрес бағыттары, аймақтардағы мешіттердің жағдайы бойынша жылдық қоырытынды жиыны өткен болатын.

Сол жиында Меркі ауданы «Зекет және қайырымдылық» бағыты бойынша өзге қала және аудандардан оқ бойы озық шығып, осы бағытқа қатысты тапсырмаларды белсенді түрде орындағаны үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі тарапынан марапатталды.

Осы орайда, Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты ауыл имам-молдаларының жиыны өтті.

Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты ауданның бас имамы Азамат Берікұлы ауыл мешіттерінің жұмыстарына оң баға беріп, «Алғыс хат» - пен таныстырып, Облыс имамының атынан имамдарды құттықтап, еңбектеріне сәттілік тіледі.

Ауданға қарасты белсенді еңбек сіңірген мешіт қызметкерлеріне облыс бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлының атынан мақтау қағаздарын табыс етіп, алғысын айтты. 

Және де ауданға қарасты кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайлы ескертіліп, келер жылғы жоспарға кемшіліктердің орнын толтыру туралы айтылды.

Аудан бас имамы ауыл имамдарына 2022 жылы жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, арнайы тапсырмалар берді.

Жиын соңында еліміздің, жеріміздің амандығы мен Ислам дінінің көркеюіне дұға жасалды!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: