#Қордай: Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізілді

#Қордай: Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде діни сауат ашу курсының Құранға түскен шәкірттеріне тәж кигізу салтанаты өтті.

Әйел-қыздар секторының Қордай ауданындағы ұстазы Эльмира Есімқараева Насима Бейсова, Марям Бакизе мен Салима Бакизееваға құран қариы болуды тілеп, дұға жасады. 

Құран – уақыт көші жылжыған сайын жасара, жаңара түсетін, қартаймайтын қасиетке ие жалғыз Кітап. Құран жүрекке иманды орнатып, Алламен болатын байланыс арқылы нәпсіні тазалайды. «Әнфал» сүресінің 2-аятында: «Нағыз мүміндер – Алла еске алынса, жүректері қобалжитын, оларға Алланың аяттары оқылса, имандары артып, Раббыларына тәуекел қылатын (жандар)» делінген.

Аудандық "Қордай" аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: