#Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдерге психологиялық семинар өткізілді

#Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдерге психологиялық семинар өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінде ұстаз Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен тәлім алып жатқан қыз-келіншектерге арналған психологиялық семинар жүргізілді.

Семинарды белгілі психолог Ұлдана Әділханқызы арнайы шақыртумен келіп өткізді. "Жан нұры - рух күші" тақырыбында өткен семинарда психолог әйел баласы жаратылысының мақсаты, әйел баласының ұстанымы, діндегі орны, қазіргі заманауи түсініктегі әйелдің орны, әйел-ана, отбасы ұйытқысы жайлы керемет сөз сөйледі. 

Шара соңында тіпті отбасы проблемасының шешімін тауып, ұйымдастырушы ұстазға да, психологқа да алғысын білдірген кісілер көп болды. 

Маман қыздардың сұранысымен студент қыздарға бағыт-бағдар көрсетіп, дін ұстанымындағы психологиялық проблемамалын тауып, тегін кеңес беруге келісті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: