Әнәс (р.а.) келтірген риуаятта былай баяндалған:
«Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген әлдебір у-шудан төңірек ел көшкендей азан-қазан болды. «Бұл не шу?» – деп сұраған Айша (р.а.) анамызға төңірегіндегілер: «Абдуррахман ибн Ауфтың (р.а.) Шамнан келген сауда керуені ғой», – деп жауап береді. Керуенде жүк тиеген жүз түйе бар еді.
Айша анамыз (р.а.) сол кезде: «Мен Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Абдуррахман ибн Ауфтың (р.а.) Жаннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» дегенін естіген едім», – дейді.
Бұл сөз Абдуррахман ибн Ауфқа (р.а.) жеткенде: «Шамам жетсе, еңбектеп емес, екі аяғыммен адымдап кіргім келеді», – деді де, сауаптарын арттыра түсу ниетімен әлгі керуенді жүктерімен қоса Алла жолына атаған екен». Ал қазіргі жағдай қандай? Сауапқа кенелу үшін Алла жолына жүз түйеміз тұрмақ жағдайы нашар туған-туысымызға не болмаса құдайы көршімізге қорамыздағы көп қойымыздың бірін сойып бере аламыз ба? Негізі, ой салатын оқиға...
asyldin.kz