Балаларды мешітке апаруға бола ма?

Балаларды мешітке апаруға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сөзсіз, балаларды мешітке үйретіп әрі оған деген сүйіспеншілігін бойларына сіңіру қажет. Бірақ мешітті таза ұстап, құлшылық жасап жатқан адамдарға кедергі келтірмеу керек.

Ең дұрысы, егер балалар жамағат намазын оқымайтын болса, онда құлшылық ететін жердің түкпірінде немесе мешіт ауласында ойнағандары жөн. Ойнайтын ойындары ұйымдасқан түрде әрі ересектердің бақылауында болғаны абзал. Жоғарыда айтып өткендей,  балалар мешітте шулап әрі олардың ойындары намаз оқып жатқан адамдарға кедергі келтірмеуі қажет.

Кейбір мұсылмандар балаларын мешітке жұма намазға алып келеді. Ал жамағат намаз оқуды бастағанда, әлгі балалар сөйлеулерін тоқтатпай, қатарлардың арасында жүгіріп, намаз оқып жатқан жамағатты алаңдатады. Егер бала әкесінің қасында тұрып намаз оқыса, онда, әрине, оны мешітке әкелу керек, ал егер бала намаз оқымайтын болса және басқалардың көңілін бөлсе, онда оны жұма намазға әкелмеген абзал. Атап айтқанда, мешіт – асыр салып ойнайтын орын емес, Алла Тағалаға құлшылық жасайтын жер.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: