1.Алла разылығы үшін аш адамды тамақтандыру.
2. Барлық діни бұйырылғандарды орындап әрі тыйым салынғандардан аулақ болу арқылы Аллаға және Оның Елшісіне (ﷺ) бойұсыну.
3. Азапқа түсу қорқынышы мен Алланың мейірімінен үміт күту арасында болу.
4. Рызықты беретін тек Алла екеніне және Оның бізге жеткілікті екеніне сену.
5. Алланың бар болуы турасында ойлану.
6. Алланың берген барлық игілігі үшін Оған разы болу.
7. Ешқашан Алланы ұмытпау әрі әр істе Оның разылығын алуға ұмтылу.
8. Иманның алты шартының мәнін білу.
9. Ата-анаға жақсылық жасау әрі оларға көмектесу.
10. Қиындықтар мен сынақтарда сабырлы болып, кейімеу.
11. Тақуа адамдар қалмаған, күнә мен бұзақылық тараған жерді тастап кету.
12. Малды сойғанда «Бисмиллә» деп айту.
13. Әйелімен ажырасқанда оған махрды толықтай төлеу.
14. Дұрыс діни сенімге ие болу.
15. Исламға қайшы келмейтін әмірдің бұйрықтарына мойынсұну.
16. Рұқсат етілгенге итермелеу әрі ұят істерден тыю.
17. Рұқсат етілгенге итермелеуде күш қолданбай, жұмсақ түрде жасау.
18. Еркектерге жұма намаз оқу.
19. Әдепсіз әрі дөрекі сөздерден аулақ болу.
20. Жасаған күнәлары үшін тәубесіне келу.
21. Күнә жасаудан қорыққаннан үйлену.
22. Тек адалды ішіп-жеп, адалды кию.
23. Алла Елшісінің (ﷺ) сүннетін ұстану.
24. Алла разылығы үшін ғана жақсы көріп әрі жек көру.
25. Көркем мінезге ие болу және адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу.
26. Барға қанағат ету.
27. Әйелің бай болып тұрса да өз отбасыңды қамтамасыз ету.
28. Жеті жасқа келген балаларды намаз оқуға итермелеу.
29. Игі амалдар жасап, қарыздарын төлеп, өлімге дайындалу.
30. Жазмышқа разы болу.
31. Дінді тану және кәсіпқой салада білім алу.
32. Намаз оқығанда жүніп болмау әрі етекірден таза болу.
33. Құранды намаз оқу үшін қажетті мөлшерде жатқа білу.
34. Құранның барлық бұйырғандарын орындау.
35. Мәйітті жуу, оны кебінге орау, жаназа намазын шығару және оны жерлеу.
36. Туыстарыңмен қатынасты үзбеу әрі оларға барып тұру.
37. Басқа мұсылманның сәлеміне жауап беру.
38. Әрқашан шындықты айтып, өз сөзіне адал болу.
39. Саудада таразыдан жемеу әрі алдамау.
40. Әрқашан тек Аллаға ғана сиыну.
asyldin.kz