Австриядағы мұсылмандарға арналған жаңа заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мұсылмандардың құқығын шектеп отыр деген себеппен, елдегі мұсылмандар осы заң жобасына қарсы 200 дауыс жинады.
«Ислами заңдылықтар» («IslamicBill») деп аталатын жүзжылдық тарихы бар заң жобасына қараша айында біршама өзгертулер енгізілген. Әсіресе, заңда көрсетілген «...мұсылмандар қоғамға қауіп тудырады» деген мәтін мұсылмандардың наразылығын тудырып отыр.
Өзгеріске ұшыраған заңда, сонымен қатар мұсылман ұйымдары мен мекемелеріне шет мемлекеттерден қаржылай көмек алуға тиым салынған. Бұл сонымен қатар, Түркия елінен қаржылай көмек алып отырған Австриядағы имамдарға да өз зарарын тигізіп отыр.
Қазіргі уақытта Австрияда 300-ден астам қызмет етеді. Оның ішінде 65 түрік ғалымдары да бар. Жаңа Заңда мешітке келуші жамағат саны 300 адамнан кем мешіттер бір жылға жабылады, ал жамағат саны 1000-нан асатын мешіттер заңды тұлға ретінде тіркелуге міндетті деп көрсетілген.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме жасауыңыз міндетті