Орталық Африка Республикасында 10 мың бала соғысып жүр. Олардың кейбірі ақша табу немесе қарнын тойғызу үшін әскер болуға өздері келіседі.
Бұл жайында Англияның «Save The Children» атты ұйымының есебінде айтылды. Ұйымның мәліметінше, бұл елде БҰҰ күштері жүргеніне қарамастан, шамамен 10 мың бала әскер ретінде қолданылуда.
Орталық Африка Республикасында 2012 жылы басталған азаматтық соғыстан кейін қарулы топтар жауынгер ретінде қолданған 18 жасқа толмаған балалардың саны төрт есе артқан, деп хабарлайды trt.net.tr.
Балалардың кейбірін қарулы топтар күштеп алып кеткен болса, енді бірі ақша табу немесе тойып тамақ жеу үшін әскер болуға өздері келісетін көрінеді.
hibatulla.kz