2015 жылдың 25 қаңтарында Мәскеуде өтетін ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күніне орай "Мәуліт ән-Нәби" атты мерекелік шараға Ильдар Аляутдин бас мүфтидің қатысуымен Дағыстаннан Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) шашы арнайы әкелінетін болады. Осы үшін арнайы ұшақтар да жабдықталды.
Айта кетерлігі, Мәскеуге осы уақытқа дейін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ешбір жәдігері әкелінбеген болатын. Сондықтан, Алла елшісінің мүбәрак шашы Мәскеуліктер көретін ең алғашқы құнды жәдігер болып отыр.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме жасауыңыз міндетті