Жақында Меккедегі Үлкен мешітті кеңейту жұмыстары барысындағы қазу жұмыстары кезінде сүйектер табылған болатын. Мамандардың пайымдауынша ол сүйектер адамның мүрдесі емес, жануардың сүйектері болуы да мүмкін.
Сафа тауында құрылысшылар тапқан бұл сүйектер туралы ғаламтордың түрлі әлеуметтік желілерінде әртүрлі қауесеттер тараған болатын. Қазір сүйек қалдықтары зерттеліп жатыр.
Үлкен мешітті үлкейту жұмыстары кезінде ешқандай да адам мүрдесі табылған жоқ деп отыр жергілікті ақпарат құралдары.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме жасауыңыз міндетті