Бұл дүниеден имансыз өтетіндердің 11 белгісі

Бұл дүниеден имансыз өтетіндердің 11 белгісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бес уақыт намазды сақтау — тақуалықтың белгісі.

Ақиқатында, біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен әлемі болсын) былай айтқан: «Бағаны мен тағайындамаймын, өйткені Алла Тағала Өзі бағаларды тағайындаушы болып табылады».

Асылында, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Қымбатшылық пен арзаншылық Алла Тағаланың екі көмекшісі болып табылады. Бір көмекшісінің аты — талпыну, ал екіншісінің аты - үрей. Егер Алла Тағала бір заттың бағасын кеміткісі келсе, Ол адамдардың жүрегіне үрей ұялатады да үрейлерін олардың қолдарынан шығарады, осылайша зат арзандайды. Егер Алла Тағала бір заттың бағасын қымбаттатқысы келсе, Ол адамдардың жүрегіне талпынуды салып қояды, сонда олар сол заттың өздерінде болуын қалайды».

Бану Исраилдың бір құлы бір аласа таудың қасынан өтіп бара жатып, былай дейді: «Егер осы тау ұн болғанда, мен Бану Исраилдың аштарын тамақтандыратын едім».

Алла Тағала пайғамбарға айтады: «Әлгі құлға айт, расында, оның адал ниетіне, қайырымдылығы мен жұмсақ көңілділігі үшін оған Алла сауап нәсіп етті». Мұсылман өзінің мұсылман бауырларына мейірімділік пен қайырымдылық танытуы қажет.

Бір адамның Ғабдулла бин Ғаббасқа (ол кісіге Алланың рақымы болсын) келіп, былай айтқаны келтірілген: «Маған ақыл бер». Ғабдулла бин Ғаббас (ол кісіге Алланың рақымы болсын) оған: «Мен саған алты нәрсені айтамын. Біріншісі — нақты бол. Екіншісі — парыздарды уақытында орында. Үшіншісі — Алла Тағаланы үнсіз есіңе ал. Төртіншісі — шайтанға ерме, өйткені шайтан Алла Тағаланың жаратқандарын көре алмайды. Бесіншісі — бұл дүние байлығын жима, өйткені баянсыз дүние байлығы сенің ақиретіңді құртады. Алтыншысы — мұсылмандарға үнемі игілік тіле».

Факих (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқан: «Мұсылман келесі бір мұсылманға қатысты ақылшы, сондай-ақ,  жұмсақ әрі қайырымды болуы керек, өйткені бұл қасиеттер тақуалықтың белгілері болып табылады». Былай айтылған: «Расында, тақуалықтың он бір белгісі бар».

1. Бұл дүниедегі діндарлық әрі ақиретке деген талпыну.

2. Аллаға құлшылық әрі Құран оқу.

3. Аз сөзділік.

4. Бес намаздың сақталуы.

5. Кіші және үлкен харамнан сақтану.

6. Әулиелердің қоғамдастығына қатысу.

7. Тәкаппарлықтың орнына бой ұсынғыштық.

8. Жомарттық пен қайырымдылық.

9. Алла Тағаланың жаратқандарына жұмсақтық таныту.

10. Адамдарға пайдалы болу.

11. Өлімді жиі еске алу.

Бұл дүниеден имансыз өтетін бақытсыздардың да белгілері он бір. 

1. Бұл дүние байлығын жинаудағы дүниеқоңыздық.

2. Нәпсі тілектеріне еріп әрі бұл дүние рахатына бой алдыру.

3. Азғын сөздерді айту әрі сөзуарлық.

4. Намазды бағаламау.

5. Тыйым салған әрі күмәнді тағамды пайдалану.

6. Жаман мінез-құлық.

7. Қулық, тәкаппарлық және мақтаншақтық.

8. Адамдарға пайда келтірмеу.

9. Мұсылмандарға қатысты аз мейірімділік таныту.

 10. Сараңдық.

11. Өлімді ұмыту, яғни, егер адам өлімді есінен шығармаса, ол азық-түлік сатуды кешіктірмей әрі мұсылмандарға мейірімді болады».

Кейбір діндар адамдар келтіргендей, бір адамның үйінде бір бума бидай болады, ал адамдар тамақсыз, аш болады. Әлгі адам барлық бидайын сатып жібереді. Содан кейін өзіне бидай сатып алады. Сол захидке былай айтады: «Сол бидайды өзіңе қалдырғаның жақсы болар еді». Бұған захид былай деп жауап береді: «Мен қайғы жұтқан адамдардың досы болуды қаладым, яғни, олардың қайғысын бөліскім келді».

"Танбихул ғафилин" кітабынан аударған

Ақерке СЫДЫҚОВА

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: