Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде автокөлік тұрағы ел игілігіне берілді. Кәсіпкерлердің демеушілігімен іске асып отырған бұл құрылыс үшін алғысымызды білдіреміз. Мешіт һәм Алланың үйі сондықтан, мешітке қолдан келгенше көмек беру қажет. Мешіт - күллі адамзатты жаратқан мейірімді Аллаға құлшылық жасауға арналған таухид орталығы. «Шүбәсіз, мешіттер – бір Аллаға тән. Ендеше, Алладан өзгеге әрі ешнәрсеге дұға етіп, жалбарынбаңдар».
Құран аяттарынан жер бетіндегі Алланың үйлерінің қаншалықты қасиеттілігін ұғамыз. Әбу һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер». Алла Тағала өзінің пенделерінің құлшылық жасайтын орынды басқа барлық мекендерден қайырлы әрі сүйікті еткен.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі