2022 жылы Францияны мұсылман басшы басқарады

2022 жылы Францияны мұсылман басшы басқарады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Француз жазушысы, ақын және «Қараша» сыйлығының лауреаты Мишель Уэльбек жақында телеарналарға берген сұхбатында өзінің келесі жазғалы жатқан шығарма желісі бойынша Франциядағы Президенттік сайлауда мұсылмандар партиясы жеңіске жетіп, болашақта Франция елін мұсылман басшы басқарады деп, кенеттен бүлік шығарды.

Өзінің арандатушылық шығармаларымен танымал болған Уэльбек, жоғарыдағы романның  атын «Қойылым» деп атады. Кітап қаңтар айында жарыққа шығады.

Шығармада Францияның 2022 жылғы хал-ахуалы, Франсуа Олландтың президент тағындағы соңғы күндері баяндалады. Автордың идеясы бойынша, елдегі «Ұлттық фронт» және «Мұсылмандар бауырластығы» екі партиясы билік үшін таласқа түсіп, соңында мұсылмандар партиясы жеңіске жетіп, Франция елін басқаратын болады.

hibatulla.kz

Сайт материалын қолданғанда сілтеме жасауыңыз міндетті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: