АҚШ-тың бұрынғы рэп орындаушысы өзінің өмірін түбегейлі өзгертіп, Ислам дінін қабылдады.
Өзінің жақындары мен туыстарына Исламды қабылдағанын жеткізу үшін Кристин Николь Риччи америкалық телеарналардың біріндегі ток-шоуға арнайы барып, сұхбат береді. Осы сұхбатқа оның анасы Дарлин де арнайы шақырылады. Берген сұхбаты арқылы ол өзінің достарын, әсіресе анасын қатты таңқалдырыпты.
Кристин Николь Риччи, негізінен өзінің «MC Router» лақап атымен танымал. Бұрынырақта Кристин жөн-жосыққа кереғар қылық көрсетіп, ішімдікке де құмар болған екен.
Әншінің Исламды қабылдап, мұсылман болғанын естіген анасы Дарлин өз қызының адам танымастай өзгеріп кеткенін айтады.
Анасы мен қызы ұзақ уақыт көріспеген екен. Сондықтан, телевизиялық шоудың жүргізушісі әнші мен оның анасын студияға шақырғанда, Дарлин өз қызының жүзіне де қарамапты, өйткені орамал таққан қызын мүлдем танымай қалған.
Кристин, мұсылмандықты қабылдап, өзіне Абида деген есімді алды. Ол Сауд Арабиясы еліне көшіп, діни білім алуды қалайтын көрінеді.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме жасауыңыз міндетті