Мұсылман оқушы $72 млн доллар табысқа кенелді

Мұсылман оқушы $72 млн доллар табысқа кенелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нью-Йорк қаласындағы жоғары сынып оқушысы биржада 72 миллион доллар табыс тапқан, деп хабарлайды New York Magazine-ге сілтеме жасаған "Новости" ақпараттық агенттігі.

Түскі үзіліс кезінде қор нарығында ойнайтын оқушы $72 млн доллар табысқа кенелді
 

Нью-Йорктегі Квинс ауданының жоғары сынып оқушысы, 17 жасар Мохаммед Ислам түскі үзілістер уақытында қор нарығында қашықтықта сауда жасап, байлыққа ие болды.

"Әлемнің айналуына не себеп? Ақша. Егер ақша болмаса, бизнес орнында тұрып қалады - инновациялар, ақша, инвестициялар, жұмыс орындары болмайды", - деп есептейді Мохаммед.

Бұл ақшаға мектеп оқушысы өзіне "БМВ" көлігін сатып алды, бірақ рөлге отыру үшін жүргізуші куәлігін әлі алған жоқ. Жас азамат сондай-ақ Манхеттенде өзіне пәтер жалдап қойды, алайда ата-анасы әзірше оның көшіп кетуіне қарсы болуда.

Жақын болашақта Мохаммед екі досымен бірге брокер лицензиясын алып, хедж-фонд ашуды көздеп отыр.

hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: