Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

Пайғамбарымыздың (ﷺ) қара нәсілді жеті сахабасы (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

5. Аммар ибн Ясир (р.а.): Пайғамбарымыздың (ﷺ) өзі бұл адамның шахид болатынын алдын-ала айтқан екен

Аммар ибн Ясир (р.а.) сеніміне берік әрі шыдамдылығымен ерекшеленген сахабалардың бірі болған. Әл-Хакимнің  «Мустадракында» Аммар ұзын бойлы, қараторы, бұйра шашты адам ретінде сипатталған. Оның әкесі Ясир араб болған. Аммар Исламды қабылдаған сахабалардың алғашқысы болған, пұтқа табынушылар оны да, ата-анасын да қатты азаптаған.

Бірде азапқа шыдай алмай, мәжбүрлі түрде Исламнан бас тартады. Содан кейін  Пайғамбарымызға (ﷺ) келеді де Исламнан бас тартуына мәжбүрлегенін, бірақ дінді жүрегінен шығармағандығын айтып жылайды. Пайғамбарымыз (ﷺ) оның көз жасын сүртіп, оған Құранның мына сүресін айтып береді: «Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көргеннен басқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар» (16:106).        

   Көп қуғын көрген Аммар бірнеше сахабалармен христиан үкіметінің панасында болу үшін Эфиопияға көшіп кетеді. Кейін ол Мединеге хижра жасады, Алла разылығы үшін екі рет көшкен, осылай ол таңдаулы сахабалар қатарында болған. Аммар көп шайқастарға қатысқан, Бәдір мен Ұхуд сияқты белгілі ұрыстарда болған. Өлерінен бұрын Пайғамбарымыз (ﷺ) Аммарға былай айтқан: «Сен бүлікшіл топтың қолынан қаза табасың».

Бұл хадис сахих және мутауаттир болып саналады, көптеген сенімді адамдар арқылы берілгендіктен, оның растығы күмән тудырмайды. Омар (р.а.) әмірлік етіп тұрған кезде, Аммар біршама уақыт Ирактың Куфа қаласының билеушісі болады, бірақ кейін қызметінен алынады, өйткені Омар Куфа мен Басраны біріктіріп Әбу Мұса әл-Әшғаридің басшылығына береді. 

Әли (р.а.) билік жүргізген кезде Аммар оның әскерін Жамал шайқасына басқарып, харижиттардан қорғаған. Сиффин шайқасында Муауи ибн Әбу Суфьян жауынгерінің қолынан қаза табады.  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: