Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің әйелдер жамағаты Мәуліт айын ерекше трендте өткізді. Яғни, берілген шарт - түрлі-түсті киініп, тағамды да сол түске сай алып келу ғана емес. Оған қоса, ұстаз Айгерім Шынәлі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін жаттап келуге тапсырма берген болатын.
Себебі, ең әуелі әрбір отырыс Алланы еске алумен болуы керек, екінші себеп, Мәуліт айына тұспа-тұс келгендіктен, бас қосуда хадистер оқылып, "Мәуліт" туралы ақпараттар талқыланды.
"Ең басты мақсат - мұсылмандар арасындағы мейірім, махаббат пен сыйластықты нығайтып, мұсылман бауырлардың санын арттыру" - деп атап өтті мешіт ұстазы.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі