#Т.Рысқұлов: Ихсан ілімі кітапханада насихатталды

#Т.Рысқұлов: Ихсан ілімі кітапханада насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы Мәдениет үйінің кітапханасында мәдениет үйі және кітапхана қызметкерлерімен рухани кездесу өтті. Кездесуге ауданның наиб имамы Түзелбеков Қуаныш арнайы барып, адамның рухани құлдырауы, рухани дерттердің пайда болуы секілді тақырыптардың айналасында уағыз-насихат жасады.

Сонымен қатар, Қуаныш имам бір сөзінде: "Ислaм – көркем мінез бен әдептілікке негізделген дін. Әдеп­­тілік адамды көрікті етеді. Ихсaн ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қа­лып­тaстырады.   Муғаз ибн Жабал (р.а) Пайғамбарымыздың (с.а.с) былай дегенін риуаят етеді: «Алла Тағала ислам дінін көркем мінез және ізгі амалдармен қоршап қойған». Жақсылық жасау, жұмсақ мінез, игі істер істеу, сәлем беру, науқастың хәлін сұрау, жақсы көрші бола білу, үлкенді сыйлау, жомарттық, кешірімді болу, ашуын жұта білу көркем мінезге жатады. Сондай-ақ өтірік, ғайбат, сараңдық, іштарлық, жәбір көрсету, айлакерлік, қулық, сөз тасу, туыстан безу, жаман мінез, арсыздық, қызғаншақтық, дұшпандық, әділетсіздік сияқты әрекеттерден бойды аулақ ұстау көркем мінезге жатады," - деп баяндады.

 Қуаныш  Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: