#Т.Рысқұлов: Білімгерлермен рухани кездесу

#Т.Рысқұлов: Білімгерлермен рухани кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық мәдениет үйінде Құлан агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев арнайы барып колледж қабырғасында білім алып жүрген білімгерлермен кездесіп, «Суицид» тақырыбында уағыз-насихат жасады.

Сұлтаншәріп қажы сөз басында: "Соңғы кездері елімізде өзіне қол жұмсау оқиғалары орын алуда. Бұған байланысты мамандар өздерінің әртүрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Мысалы, психолог-ғалымдар бұл оқиғаларға байланысты «адамның ішкі сезіміндегі үмітсіздік, өмірден күдер үзу» деп бағалап жатса, ал кейбір сарапшылар «әлеуметтік мәселелерден туындаған оқиға» деген көзқарастарын білдіруде. Бұдан өзге әлеуметтанушы ғалымдар болса, «бұл – отбасындағы ұрыс-керістің, тұрақсыздықтың салдарынан орын алған жағдай» деген пікірлерін айтуда. Біз осы мәселені исламдық тұрғыдан қарап, яғни шариғат жағынан қарастырып көрсек. Расында да, Ислам – екі дүние бақытына жетелейтін Алланың соңғы діні. Асыл дінімізде қамтылмай қалған мәселе жоқ. Сондықтан адам баласы қуанышта немесе қайғылы жағдайға тап болса да Исламға жүгінуі тиіс. Демек, иман таразысына салғаны жөн. Иманды адам қиын жағдайда сабыр етеді, ал қуанышты сәтте Аллаға шүкір айтады. Міне, бұл мүміннің сипаты. Муслим риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Мүміннің жағдайы қандай ғажап! Шын мәнінде оның әрбір жай-күйі өзі үшін қайырлы болмақ, бұл – одан өзгеге бұйырмаған бақыт. Ол қандай да бір қуанышқа бөленсе, бірден шүкір етеді. Мұнысы өзі үшін қайырлы болады. Ал басына бір қиындық келсе, сабырлылық танытады. Түбінде мұнысы да, өзі үшін қайырлы болады»,- деп тоқтала кетті.

  Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: