Жамбыл облысы «HALAL EXPO-2022» көрмесінде үздік атанды

Жамбыл облысы «HALAL EXPO-2022» көрмесінде үздік атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордасы Астанададағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен халықаралық «HALAL EXPO-2022» көрмесі өткен болатын.

Айтулы шараға ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамыл облысындағы өкілі Аблайхан Ғабитұлы арнайы қатысып қайтты. 

Екі күнге созылатын көрмеге «QMDB Halal» таңбасымен халал өнім өндіретін отандық кәсіпкерлермен бірге Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінен келген 100-ге жуық кәсіпорынның тауарлары (ет, құс, сүт, балық, бал, май өнімдері, жартылай дайын және кондитерлік өнімдер, Халал косметикалар, шұжықтар, БАД, тағам қоспалары, гигиеналық заттар, жуғыш заттар, фаст-фудтар, балмұздақтар, сусындар, т.б.) қойылған. Көрме барысында семинар-тренинг ұйымдастырылып, үздік халал кәсіпорындарға Бас мүфтидің алғыс хаты берілді.

Шарада халал шұжық өндіру бойынша ең үздігі болып Жамбыл облысы танылды. ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Ағыбайұлы Аблайхан Ғабитұлына грамота мен "Үздік халал кәсіпорын" белгісін табыстады. 

Өңіріміздегі халал өнім шығаратын барлық өндіріс орнына Алланың берекесін тілейміз!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: