Тараз имамдарына "Уақып", «Қамқор-Шарапат» жұмыстары бойынша семинар жүргізілді

Тараз имамдарына "Уақып", «Қамқор-Шарапат» жұмыстары бойынша семинар жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Ардақ Оразбаев және «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы Елордадан арнайы келді. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев мамандарды Тараз қаласының имамдарына таныстырып, аталған бағыт негізінде жұмыс жүргізудің қажеттілігі мен маңызына тоқталды. 

Алғашқы жиын имамдарға арналған семинардан басталды. Уақыптың пайда болуы, пайдалары, уақыпты дамыту жолдары түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар қазіргі таңда «Қамқор-Шарапат» бөлімінің жұмыстарын жандандыру мәселесі қарастырылды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: