Таразда Мәйітхана ғимаратының кірпіші қаланды

Таразда Мәйітхана ғимаратының кірпіші қаланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Ардақ Оразбаев және «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзгелдиев Тараз қаласында салынғалы жатқан мәйіт сақтайтын ғимараттың кірпішін қалады. 

Аталған ғимараттың бой көтеруіне Тараз шаһарының кәсіпкері демеушілік етіп, мәйітке қажетті шариғи талаптардың барлығы сақталатын жағдайды жасап бермек. 

«Қамқор-Шарапат» бағытының өңірдегі жауапты маманы Халид Қожахметовтың айтуынша, мәйіт сақтайтын, жуындыратын, мәйітке қажетті шариғи талаптар орындалатын орын қала үшін қажет. Әсіресе, көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындар үшін үйінде қаралы жағдай болғанда мәйітке қажетті орын аса қажет. Міне, тұрығындардың осы бір қажеттелігін өтеу мақсатында жасалып жатқан іс бұл. Аталған ғимараттың атқаратын қызметі бұдан да мол.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

src="https://media.asyldin.kz/upload/Photo/Photo-1666263787-92534.jpeg" alt="" />

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: